Артқа
Білім беруЦифрландыру24 қыркүйек 2026, 15:59
Астанада Киберай басталды

Астанада Киберай басталды

2026 жылдың қыркүйегінде Астанада киберқауіпсіздік мәдениетін дамытуға, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және заманауи технологияларды қауіпсіз қолданудың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған Киберай өтеді.

Цифрлық сервистер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында дербес деректерді, ақпараттық жүйелер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғау, сондай-ақ азаматтардың заманауи киберқауіптер туралы хабардарлығын арттыру мәселелерінің маңызы артып келеді.

Киберай аясында елордада республикалық және қалалық деңгейдегі бірқатар іс-шара өткізу жоспарлануда. Оларға мемлекеттік органдардың, технологиялық бизнес өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының және ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары қатысады.

news-image
01/1

Орталық іс-шаралардың бірі —  Қазақстан Республикасында жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы болмақ. Күн тәртібінде еліміздің AI-экожүйесін дамытудың негізгі бағыттары, жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу, сондай-ақ технологияларды реттеу және қауіпсіз қолдану мәселелері қаралады.

Қалалық деңгейде AI кеңесінің отырысы өтеді. Алаң мемлекеттік органдардың, бизнестің, технологиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіріп, жасанды интеллектіні қалалық ортада практикалық қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Негізгі назар перспективалы AI-жобаларға, елорданың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, кадрлар даярлауға және технологиялық шешімдерді қалалық үдерістерге енгізуге аударылады.

news-image
01/1

Қалалық деңгейде Астана қаласы әкімінің жанындағы AI кеңесінің отырысы өтеді. Алаң мемлекеттік органдардың, бизнестің, технологиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіріп, жасанды интеллектіні қалалық ортада практикалық қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Негізгі назар перспективалы AI-жобаларға, елорданың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, кадрлар даярлауға және технологиялық шешімдерді қалалық үдерістерге енгізуге аударылады.

news-image
01/1

Негізгі іс-шаралармен қатар, қыркүйек айы бойы кибергигиена деңгейін арттыруға, дербес деректерді қорғауға, кибералаяқтықтың алдын алуға және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және білім беру іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

Киберайды өткізу қауіпсіз цифрлық ортаны дамыту мәселелері төңірегінде мемлекет, бизнес, сарапшылар мен кәсіби қауымдастықтардың күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ халықтың заманауи цифрлық тәуекелдер және олардан қорғану тәсілдері туралы хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

news-image
01/1

Қыркүйек айы бойы Astana.kz порталында Киберай іс-шаралары туралы ақпарат және цифрлық әрі киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған тақырыптық материалдар жарияланып отырады.