Артқа
Білім беруЦифрландыруҚала өміріҚауіпсіздік04 қыркүйек 2026, 16:25
KazHackStan алғаш рет Астанада өтеді

KazHackStan алғаш рет Астанада өтеді

KazHackStan 2026: Астана киберқауіпсіздік туралы диалог алаңына айналады

29–30 қыркүйекте Астана алғаш рет KazHackStan 2026 — Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік саласындағы негізгі конференциялардың бірін қабылдайды.

Биылғы басты тақырып — Cyber Resilience, яғни кибер тұрақтылық. Үнемі өзгеріп отыратын цифрлық қауіптер жағдайында жүйелерді қорғаумен қатар, кибершабуылдарға жедел әрекет ету, олардың салдарын тез қалпына келтіру және жұмысты үздіксіз жалғастыру маңызды.

news-image
01/1

Екі күн бойы Тәуелсіздік сарайында киберқауіпсіздік сарапшылары, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, әзірлеушілер және кәсіби қауымдастық мүшелері бас қосады. Бағдарламада екі тақырыптық күн, 100-ден астам өңірлік және халықаралық спикердің баяндамалары, сондай-ақ CyberKumbez — киберполигондағы хакерлік командалар арасындағы жарыс өтеді. Іс-шараға өңірден 10 000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.

KazHackStan-ның Астанада өтуі қаланың цифрлық экожүйесі мен киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Іс-шара Астана қаласының әкімдігі және «Astana Innovations» АҚ-мен серіктестікте өткізіліп, мемлекеттік сектор, бизнес, технологиялық қоғамдастық пен сарапшыларды қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында біріктіреді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 29–30 қыркүйек

Өтетін орна: Тәуелсіздік сарайы, Астана

KazHackStan — алғаш рет Астанада.