KazHackStan алғаш рет Астанада өтеді
KazHackStan 2026: Астана киберқауіпсіздік туралы диалог алаңына айналады
29–30 қыркүйекте Астана алғаш рет KazHackStan 2026 — Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік саласындағы негізгі конференциялардың бірін қабылдайды.
Биылғы басты тақырып — Cyber Resilience, яғни кибер тұрақтылық. Үнемі өзгеріп отыратын цифрлық қауіптер жағдайында жүйелерді қорғаумен қатар, кибершабуылдарға жедел әрекет ету, олардың салдарын тез қалпына келтіру және жұмысты үздіксіз жалғастыру маңызды.
Екі күн бойы Тәуелсіздік сарайында киберқауіпсіздік сарапшылары, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, әзірлеушілер және кәсіби қауымдастық мүшелері бас қосады. Бағдарламада екі тақырыптық күн, 100-ден астам өңірлік және халықаралық спикердің баяндамалары, сондай-ақ CyberKumbez — киберполигондағы хакерлік командалар арасындағы жарыс өтеді. Іс-шараға өңірден 10 000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.
KazHackStan-ның Астанада өтуі қаланың цифрлық экожүйесі мен киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Іс-шара Астана қаласының әкімдігі және «Astana Innovations» АҚ-мен серіктестікте өткізіліп, мемлекеттік сектор, бизнес, технологиялық қоғамдастық пен сарапшыларды қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында біріктіреді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 29–30 қыркүйек
Өтетін орна: Тәуелсіздік сарайы, Астана
KazHackStan — алғаш рет Астанада.