Артқа
Білім беруЦифрландыруҚауіпсіздік04 қыркүйек 2026, 12:04
Cyber Steppe: Астанадағы цифрлық қауіпсіздік туралы екі күн

Cyber Steppe: Астанадағы цифрлық қауіпсіздік туралы екі күн

10-11 қыркүйекте Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында Cyber Steppe конференциясы өтеді, ол мемлекет, бизнес, IT және киберқауіпсіздік қауымдастығының өкілдерін, сарапшыларды, студенттерді, педагогтарды және азаматтарды цифрлық ортадағы қауіпсіздік деген бір маңызды тақырып айналасында біріктіреді.

10 қыркүйек, конференцияның алғашқы күнінде, қатысушылар мемлекеттің және бизнестің кибертұрақтылығын, заманауи киберқауіптерді, жасанды интеллекттің ақпараттық қауіпсіздікке әсерін, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын, сондай-ақ 2026–2027 жылдардағы нарықтың негізгі трендтерін талқылайды.

11 қыркүйек бағдарламасы азаматтық қоғамға бағытталады. Отбасылар, балалар, студенттер мен педагогтер интерактивті форматта кибергигиена туралы көбірек біліп, практикалық тренажерлер мен тесттерден өтіп, ойындарға қатысып, дипфейктер зертханасына бара алады.

Бағдарлама аясында панельдік сессиялар, воркшоптар, кейс-стади және сарапшылармен ашық пікір алмасу өтеді. Ұйымдастырушылар 3 000-нан астам қатысушыны күтеді: олардың 2 000-нан астамы Астанада офлайн, ал 1 000-нан астамы Қазақстан өңірлерінен онлайн қатысады.

Іс-шара тек пайдалы ақпаратпен шектелмейді — қатысушыларды интерактивті форматтар да күтеді: шеберлік сабақтары мен аркадалық ойындар, алаяқпен сөйлесуді модельдейтін интерактивті тренажер, сондай-ақ күнделікті өмірде бірден қолдануға болатын практикалық білім.

Cyber Steppe Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздікке арналған қыркүйек айындағы негізгі іс-шаралардың біріне айналады.

Өтетін орны: Alem.ai жасанды интеллект халықаралық орталығы, Астана

Іс-шараның өтетін күні: 2026 жылғы 10–11 қыркүйек

Тіркелу және толық бағдарлама — Cyber Steppe ресми сайтында.